Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Медиагалерея

Тайқазан – Түркістанның жаңа символына айналған сәулетті нысан

Түркістан қаласының кіреберісінде, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойында орналасқан еңселі Тайқазан бүгінде киелі шаһардың жаңа символдарының біріне айналды. Сәулетті нысан қалаға келген қонақтарды қарсы алып, Түркістанның рухани келбеті мен тарихи болмысын айшықтай түсуде.

Биіктігі 10,4 метр болатын Тайқазанның тұғыры 2,4 метрді, ал диаметрі 12 метрді құрайды. Нысан металлоконструкция негізінде тұрғызылып, сыртқы бөлігі шыныталшықпен қапталып, ұлттық нақыштағы көркем өрнектермен безендірілген.

Тайқазанның сыртқы бетінде Қасиетті Құран аяттары, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері және «Құтты, берекелі болсын», «Бүкіл жаратылыстың иесі – Алла!» секілді тағылымды сөздер бедерленген. Бұл жазулар нысанның рухани маңызын арттырып, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптейді.

Нысан орналасқан аумақта тұрғындар мен туристердің жайлы демалысы үшін қажетті инфрақұрылым толық қарастырылған. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, заманауи жарықтандыру жүйесі және жол белгілері орнатылып, аумақ абаттандырылған.

Тайқазан – тек сәулет нысаны ғана емес, Түркістанның тарихы мен мәдениетін, бірлігі мен берекесін, рухани құндылықтарын насихаттайтын ерекше белгі. Ол киелі шаһардың өткенін бүгінмен сабақтастырып, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға және өңірдің жаңа келбетін қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Шәмші әлемі» сквері

admin

Дендросаябақ — қала ішіндегі қалың орман

admin

Гүлге оранған Шымқала

admin

Пікір жазу