Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

​ Полиция велосипедпен жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады

 

Жаз мезгілінде велосипед пен электрсамокат пайдаланушылар саны сөзсіз артады. Осыған байланысты полиция жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салады.
Тәртіп сақшылары жолға шығар алдында қорғаныш дулығасын киіп, велосипедтің техникалық жағдайын тексеруге кеңес береді. Тежегіш жүйесі, руль, дөңгелектер мен жарық беру құрылғылары жарамды болуы тиіс.
Сондай-ақ велосипедшілер арнайы веложолақтармен жүріп, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде велосипедтен түсіп, жолды жаяу кесіп өткен жөн.
Полиция қозғалыс кезінде телефон пайдаланудан, құлаққап тағудан және қауіпті маневрлер жасаудан бас тартуға шақырады.
📌 Полиция азаматтарды жол қозғалысы мәдениетін сақтап, өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ұқсас жаңалықтар

Ақордада Чехия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

admin

Ключевой этап боевой подготовки: военнослужащие Вооруженных Сил Казахстана приступили к подготовке по специальности

admin

МЕН ӨЗ МАМАНДЫҒЫММЕН МАҚТАНАМЫН!

admin

Пікір жазу