Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.

Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда өңірлер бөлінісінде атаулы ақшалай табыстардың ең үлкен өсімі Алматы облысында – 19,1% және Қарағанды облысында – 16,4% тіркелді.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады. История

Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі — ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

Копирование возможно при указании активной ссылки на источник obvk.kz

Ұқсас жаңалықтар

​Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті.

admin

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

admin

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО МАСШТАБНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ – ПРАВОВАЯ КУЛЬТУРА НАРОДА»

admin

Пікір жазу