Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға арналған семинар өткізді

2026 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша саяси партиялар өкілдеріне арналған семинар өткізді.Негізгі спикерлер болып ОСК мүшелері және мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.Семинар барысында сайлаудың ерекшеліктері туралы айтылып, сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу сұрақтары, мемлекеттік емес қаржыландыру, сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сонымен қатар  саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының қызметі туралы түсініктемелер берді. Сондай-ақ семинар барысында қатысушылар ағымдағы сайлау науқаны бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы барлық сұрақтарға толық жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар

1 шілдеден бастап: үй маңындағы қоқыс пен арамшөп үшін айыппұл қарастырылған

admin

Олжас Бектенов геологиялық барлауға отандық технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

admin

Олжас Бектенов отандық инновацияларды енгізгені үшін бизнесті көтермелеу шаралары туралы: ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

admin

Пікір жазу