Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «BEREKE FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күніне орай, 2026 жылғы 1-7 шілде аралығында республика көлемінде «Bereke Fest» акциясы өтеді.
Аталған акцияның мақсаты – Конституцияның қоғамдағы маңызын дәріптеу, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қолдау және халықты сапалы тауарлармен әрі қолжетімді бағамен қамтамасыз ету.
Акция аясында Түркістан қаласындағы төменде көрсетілген сауда орындарында бірқатар азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарлары 10 пайыздық жеңілдікпен ұсынылады.
▫️ «Молшылық» супермаркеті – Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, 26;
▫️ «Дастархан» супермаркеті – Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, 16;
▫️ «Халық» гипермаркеті – Түркістан қаласы, Батырбеков көшесі, 6.
Барша Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Bereke Fest» республикалық акциясына қатысып, тиімді ұсыныстарды пайдалануға шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫНА» ОРАЙ «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ ОТАНШЫЛ, ОЙЫ ҰШҚЫР, КӨЗІ АШЫҚ, БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

admin

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

admin

Пікір жазу