Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын құжат

Қоғам дамуы үнемі өзгеріп, жаңа талаптар мен жаңа жауапкершіліктерді алға тартып отыр. Экономика, әлеуметтік саясат, білім беру, цифрландыру, азаматтық қоғам институттарының рөлі күшейген қазіргі кезеңде мемлекеттің негізгі заңы да заман талабына сай жаңғыруы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – елдің саяси және қоғамдық өмірін жаңаша сапаға көтеруге бағытталған маңызды қадам.
Жаңа Конституция – жай ғана құқықтық нормаларды өзгерту емес. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге және ұлттық дамудың ұзақ мерзімді бағытын айқындауға арналған стратегиялық құжат.
Қазіргі заманғы мемлекет үшін тек экономикалық өсім жеткіліксіз. Азаматтың қауіпсіздігі, еркіндігі, өзін-өзі дамыту мүмкіндігі, сапалы білім мен медицинаға қолжетімділігі – мемлекеттің басты міндетіне айналуы тиіс. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасы адамның қадір-қасиетін қорғауды, оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды.
Бұл – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге, халықтың билікке деген сенімін арттыруға және мемлекеттің барлық институттарының жұмысын азамат мүддесіне бағыттауға жол ашады. Сонымен қатар, елде шынайы қоғамдық диалог қалыптастыруға, саяси мәдениетті дамытуға және әр азаматтың пікірін ескеретін басқару моделін орнықтыруға негіз болады.
Құқықтық мемлекет үшін ең басты талап – заң нормаларының түсінікті әрі нақты болуы. Бұрынғы заңнамаларда кейбір тұжырымдардың екіұшты немесе кең мағынада қолданылуы құқық қолдану тәжірибесінде қиындықтар туғызатыны жасырын емес.
Ал, жаңа Конституция жобасы құқықтық нормалардың айқындылығын қамтамасыз етуге, түсіндірмесі күрделі және бұлдыр тұжырымдарды барынша нақтылауға негізделіп отыр. Бұл азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне, мемлекеттік органдардың шешім қабылдау кезінде заңды біркелкі қолдануына, сот төрелігінің әділдігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағытта «Ұлы дала» ұғымы – халқымыздың тарихи тамырына, мәдениеті мен дүниетанымына сүйенген тұғырлы идея ретінде айқындалады.
Жаңа заң – ескісінен мазмұндық тұрғыда да, философиялық тұрғыда да анағұрлым терең әрі заманауи құжат. Ол жаңа саяси мүмкіндіктер ашады, қоғамның гуманитарлық әлеуетін күшейтеді, адамға бағдарланған мемлекеттің нақты құқықтық негізін қалыптастырады.
Сонымен бірге, тұжырымдардың нақтылығы мен құқықтық айқындықты қамтамасыз ету арқылы құқық үстемдігін күшейтіп, ұлттық бірегейлікті «Ұлы дала» құндылықтары негізінде бекітуге бағытталған.
Конституция – бұл тек құқықтық акт емес, ол – мемлекет пен қоғам арасындағы қоғамдық келісім. Жаңа Конституция осы келісімді жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы өмір сүруіне, қоғамның ұзақ мерзімді тұрақтылығына салынған инвестиция деп айта аламын!

Ұқсас жаңалықтар

В Баку пройдет Тринадцатая сессия Всемирного форума городов (WUF13)

admin

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

admin

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР ҚАТЫСУДА!

admin

Пікір жазу