Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған елді мекенінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына түрлі мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен ерікті жастар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағында көшеттерді күтіп-баптау, суару, арамшөптерден тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қоршаулар сырланып, аумақтың көркі жаңартылды.
Бұдан бөлек, Шолаққорған-Созақ, Шолаққорған-Шымкент және Шолаққорған-Түркістан бағыттарындағы күре жолдардың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Су өткізгіш өткелдер, каналдар мен арық-атыздарды тазалау жұмыстары атқарылып, санитарлық жағдайды жақсартуға баса мән берілді.
«Жасыл белдеу» аумағында жүргізілген жұмыстарға 500-ге жуық адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылы генеративті контент технологиялық эксперименттер санатынан біржола шығып, құқықтық реттеу нысанына айналды.

admin

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзі

admin

Пікір жазу