Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ДЕРБІСЕКТЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» ұңғымасына қатысты мәселе туындаған болатын. Аталған су нысаны бұған дейін «Рауан» ЖШС теңгерімінде болып келген. Су көзін жеке кәсіпкер 27 жыл бойы пайдаланған. Жалға алу мерзімі биыл 25 сәуірде аяқталып отыр. Су ресурсын пайдалануға арнайы рұқсат беру мәселесі бойынша «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы санитарлық аймақ талаптарының сақталмауына байланысты су пайдалану құқығын ұзартудан бас тартқан. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.

«Бүгінде 18 мыңға жуық халқы бар елді мекенде ауыз су беру жағдайы тұрақты. 3 мыңнан астам абонент орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қызмет көрсетуді «Сарыағаш Тұрмыс» коммуналдық кәсіпорны жүзеге асырып отыр. Тұрғындарды ауыз сумен қамту — гидранттық жүйе арқылы штаттық режимде жүргізілуде. Сонымен қатар, «№2-ТП» ұңғымасы қосымша ресурс ретінде пайдаланылып, су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік беруде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді: өндірушіден сатып алушыға дейін

admin

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз озық ойлы ел боламыз десек, ең алдымен, кітап оқитын ел болуымыз керек», — деп өте дәл айтқан. Бүгінгі цифрлық заманда шынайы білім мен терең пайым тек кітап беттерінде жатыр.

admin

Алматы жастары: өтініш қабылдау басталды

admin

Пікір жазу