Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының арнайы мақсаттағы бөлімшелері күні құтты болсын!

9 маусым – Қазақстан Республикасының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Арнайы мақсаттағы бөлімшелер – мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, күрделі әрі жауапты тапсырмаларды орындауда жоғары кәсібилік пен жауынгерлік дайындықтың үлгісін көрсетіп жүрген ерекше құрылым. Олардың қызметі батылдықты, төзімділікті, тәртіпті және Отанға деген шексіз адалдықты талап етеді.

Ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында қызмет атқарып жүрген арнайы мақсаттағы бөлімшелердің барлық әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздердің күш-қайраттарыңыз, кәсібиліктеріңіз, батылдықтарыңыз бен темірдей тәртіптеріңіз мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді.

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс және ел игілігі жолындағы жауапты міндеттеріңізде толағай жетістіктер тілейміз.

Ұқсас жаңалықтар

Ключи от квартир — молодым ученым! И не просто ключи, а уже готовое жилье с мебелью

admin

Фейк-индустрияның эволюциясы: Қазақстанда цифрлық манипуляциялар күшейді

admin

​Новая Конституция усилила гарантии личной свободы и справедливого правосудия

admin

Пікір жазу