Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Астанадағы №7 Балалар кітапханасында «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара мектепке дейінгі жастағы балаларға арналып ұйымдастырылды.

«Бүгінгі біздің қонақтарымыз – жеке балабақшаға баратын қыздар мен ұлдар. Олар тәрбиешілерімен бірге кітапханаға жиі барып, кітап оқуды үйренеді, сурет салады, ойын ойнайды. Ақпараттық сағат барысында балалар тақырыптық әдебиеттермен танысып, экологиялық тәртіп ережелері мен табиғи ресурстарды сақтау жолдары туралы білді. Біздің мақсатымыз – оларға ерте жастан бастап экологиялық мәдениет пен табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыру», – деді №7 Балалар кітапханасының қызметкері Кенжегүл Әбдікәрімова.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «БІТІМГЕР» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БАҚЫТЖАН БЕЙСЕМБАЕВ ДАУЫС БЕРДІ

admin

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

admin

Арыс ауданында «Құқықтық дәріхана» жобасы аясында тұрғындармен қабылдау өтті

admin

Пікір жазу