Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстады.
– Ежелден өркениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті Түркістан өңірінің дамуында сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Президент Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бүгінде Түркістанның халықаралық аренадағы беделі артып, маңызды іс-шаралар мен кездесулердің орталығына айналуда. Соның бірі – Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті. Осы ауқымды шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестеріңіз үшін Мемлекет басшысы арнайы алғысын білдіріп отыр, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Айта кетейік, жуырда рухани шаһарда өткен халықаралық маңызы зор басқосу түркі әлемі үшін маңызды оқиғалардың бірі болды. Саммиттің мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне мәдениет саласы мамандарының қосқан үлесі ерекше. Осыған орай, өңірдің мәдени-рухани әлеуетін арттыру бағытындағы еселі еңбегімен көзге түскен және маңызды шараның табысты өтуіне атсалысқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Бұл марапат мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға болып саналады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

admin

Бүгін еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға

admin

Қоғамдық сенімді нығайту және құқық тәртібі

admin

Пікір жазу