Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ОТЫРАРДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастамаға аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Бүгін аудан орталығында ұйымдастырылған кезекті сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары, ерікті жастар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Сенбілік барысында жол бойындағы қоршаулар сырланып, әктелді, көшелер мен қоғамдық орындар күл-қоқыстардан тазартылып, арамшөптер оталды.
Тазалық жұмыстары аудан орталығындағы «Жібек жолы» даңғылынан бастау алып, Д.Алтынбеков, Н.Оңдасынов, С.Ерубаев және Қ.Төбасиев көшелерінде, сондай-ақ ауыл округтері мен мекемелерге бекітілген аумақтарда жалғасын тапты.
Жалпы аудан көлемінде өткен сенбілікке 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, 6 арнайы техниканың көмегімен 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді.
Аудан тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, елді мекендердің санитарлық тазалығы мен көркеюіне оң ықпал ететін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында еңбек адамы бейнесін дәріптеу: іс‑шаралар мен жетістіктер

admin

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШІМДІКСІЗ АУЫЛДАР САНЫ 70-КЕ ЖУЫҚТАҒАН

admin

Пікір жазу