Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сарыағаш ауданы аумағында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта жүруін қадағалау мақсатында Сарыағаш аудандық полиция бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бірлесе Сарыағаш қаласында орналасқан дәмханаларға, ойын-сауық орталықтары мен орталық көшелерде түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.
Түнгі рейд барысында аудан аумағында түнгі уақытта жүрген 10 жасөспірімдер анықталып, оларға «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес, кәмелет жасқа толмаған балалардың ата-анасыз үйінен тыс жерде түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жалғыз жүруіне болмайтыны» бойынша заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті аудан тұрғындары, ата-аналар!
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне болмайтынын аудан тұрғындарына ескертеміз!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 50 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені 2026 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі

admin

ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

admin

ҚР Парламенті Сенаты №131 Конвенцияны ратификациялады және Қазақстан азаматтарын Қатарда жұмысқа орналастыру келісімін бекітті

admin

Пікір жазу