Түркістан облысында жауын-шашынды жасанды ұлғайту жобасы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының жәй-күйі арасындағы ықтимал байланыс туралы таратылатын ақпаратқа қатысты ресми хабарлама жасаймыз.
Жауын-шашынды жасанды ұлғайту жобасы жекелеген жергілікті учаскелерде жүзеге асырылады және алдын ала қалыптасқан бұлтты массивтерде жауын-шашынның ықтималдығын арттыруға бағытталған. Бұл тәсіл облыс көлеміндегі ауа-райын басқаруға арналмаған және ірі атмосфералық фронттар мен аймақтық ауа-райы процестерінің қалыптасуына әсер етпейді.
Жауын-шашынды жасанды ұлғайту жұмыстары Төтенше жағдайлар басқармасымен, Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен және «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп қалыптастырылған өтінім бойынша Отырар ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, Созақ ауданының орталық және солтүстік бөліктерінің жекеленген аумақтарында жүргізілді. Жұмысты жүргізу жерлері ауыл шаруашылығы аумақтарын қосымша ылғалдандыру қажеттілігі, нақты метеорологиялық жағдай және ауа райы болжамының негізінде таңдалды.
Жұмыс жүргізілетін аймақтар шегінде оқшауланған сипаттағы жергілікті әлсіз және орташа жауын-шашын тіркелді. Оның үстіне жауын-шашынды жасанды түрде көбейту әдісі бұлт жасауды қажет етпейді. Мұндай жұмыс табиғи түрде жаратылысқан бұлтты массивтер болған жағдайда ғана жүргізіледі. Ұшақ олардың қалыптасу аймағына көтеріліп, қоршаған ортада қалыптасқан табиғи тұздарға негізделген арнайы материалдарды шашады. Бұл бөлшектер су тамшыларының бірігуіне септігін тигізіп, қалыптасқан бұлттардан жауын- шашын ықтималдығын арттырады.
Қолданылатын материалдар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және жауын-шашынның жасанды ұлғаюы технологияларының халықаралық тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Олар адам денсаулығына, жануарларға, ауыл шаруашылық дақылдарға және қоршаған ортаға теріс әсер етпейді.
Сондықтан мамыр айының соңында Түркістан облысының әртүрлі аудандарында байқалған ұзаққа созылған жауын-шашынды іске асырылып жатқан жобамен байланыстыру негізсіз. Облыс аумағындағы жауын- шашын ең алдымен табиғи метеорологиялық процестерге және жалпы синоптикалық жағдаяттарға байланысты, оның үстіне бұл құбылыс Түркістан облысында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де байқалған.
Жобаның бұлт себу жүзеге асырылмаған облыстың бөліктеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен ықтимал байланысы туралы таратылатын ақпараттың мәлімделгенін бөлек атап өткіміз келеді. Қазіргі уақытта аталған мәселеге байланысты уәкілетті мемлекеттік органдар өсімдік ауруларының пайда болу себептерін анықтау үшін фитосанитариялық тексеру жүргізуде.
Түркістан облысының әкімдігі азаматтарға, БАҚ өкілдеріне және әлеуметтік желілерді қолданушыларға ресми ақпарат пен тексерілген деректерді басшылыққа алу бойынша үндеу жасайды.
