Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІ» АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кең көлемді жұмыстар атқарылды.
Қала, кент және барлық ауылдық округтерде өткен тазалық шарасына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудан жастары, кәсіпкерлер, экобелсенділер мен тұрғындар белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті екенін іс жүзінде көрсетті.
Сенбілік барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойлары, елді мекендердің ішкі көшелері, саябақтар мен скверлер, көпшілік жиі жүретін қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, жол жиектері мен арық-атыздар ретке келтіріліп, шөптері шабылып қоршаған ортаның көркін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
«Экологиялық жұмыстардың басты мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарды тазалық сақтауға шақыру және туған өлкенің табиғи келбетін жақсарту. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етуде» дейді аудан басшысы.
Таза орта – халық денсаулығы мен жайлы өмір сүрудің кепілі. Сондықтан, табиғатты аялау мен тазалықты сақтау әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Аудан тұрғындарының белсенділігі мен ауызбіршілігі бұл бастаманың маңызын тағы бір мәрте айқындап берді.

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА TELEGRAM БОТ АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНА АЛАСЫЗ

admin

Более 87% казахстанцев поддерживают политический курс страны

admin

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

admin

Пікір жазу