Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша балалық шақты қолдаудың ауқымды шараларын жүзеге асыру жалғасуда.

Бұл бағыттағы басты құжат ретінде Президент тапсырмасына сәйкес қабылданып, Үкімет бекіткен 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы айқындалды. Бағдарлама 158 іс-шараны қамтиды, ал оны жүзеге асыруға жалпы көлемі 1,3 трлн теңге қаржы қарастырылған. Құжат аясындағы жұмыстар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік сияқты негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде.

Білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту. 2020 жылдан бері елімізде 1,2 мыңнан астам мектеп салынды.

Балалар денсаулығына қатысты қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде бала туғанға дейінгі патологиялардың алдын алуға және ерте анықтауға баса ден қойыла бастады. Соңғы бес жылда бұл секторды қаржыландыру 264-тен 585 млрд теңгеге дейін екі еседен астам өсті.

Білім беру мен балалар денсаулығы саласын жаңғыртумен қатар әлеуметтік қолдау шаралары да күшейтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА ӨТКЕН «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 1000–НАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 977 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

admin

Түркістан облысында полицейлер 2 мыңнан астам оқушымен кездесті

admin

Пікір жазу