Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҒАСЫР ЖАСАҒАН СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына арнайы барып, Қарабұлақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаевты Жеңіс күнімен құттықтады.

Облыс әкімі майдангердің шаңырағында болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстап, арнайы сый-сияпат көрсетті. Кездесу барысында Нұралхан Көшеров ардагердің ел үшін атқарған еңбегі мен майдандағы ерлігіне ризашылығын білдірді.

– Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Өнегелі өмір жолыңыз кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі. Сізге зор денсаулық пен отбасыңызға амандық тілеймін, – деді облыс әкімі.

Мереке қарсаңында ардагерге Мемлекет басшысының құттықтау хаты мен 5 миллион теңгенің сертификаты табысталған болатын.

Өз кезегінде Ахмаджан Анартаев көрсетілген құрмет үшін алғысын айтып, елдің тыныштығы мен бірлігіне ақ батасын берді.

Ахмаджан Анартаев 1926 жылы 10 қарашада Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Сайрам аудандық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылып, 64-атқыштар полкінде қатардағы жауынгер ретінде қызмет атқарған. Майдангер Польша мен Германия аумағындағы шайқастарға қатысып, 1949 жылы елге оралған.

Соғыстан кейін ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шыққанға дейін А. Науаи атындағы ұжымда жүргізуші болған. Ол ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Бүгінде 100 жасқа таяған ардагер үлкен әулеттің ақсақалына айналып отыр. Ол 4 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсіріп, көптеген немере мен шөбере сүйіп отырған ардақты қария.

Шара барысында әскери оркестр өнер көрсетіп, майдангерге ерекше құрмет білдірілді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысының 3 ардагері тұрады. Олар Сайрам, Сарыағаш және Жетісай аудандарында өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар өңірде Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген азаматтар мен тыл ардагерлеріне заң аясында әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

admin

ХАБАРЛАМА (Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы)

admin

Цифрлық сарбаз: ефрейтор Комрон Тулабоев армия тиімділігін ІТ шешімдер арқылы арттыруда

admin

Пікір жазу