Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

620 000 теңгелік онлайн-курс күткен нәтижені бермеді: тұтынушыға қаражатын қайтаруға департамент көмектесті.

620 000 теңге тұратын онлайн-курс ұсынылған талаптар мен күтілген нәтижеге сәйкес келмегендіктен, тұтынушы өз құқықтарын қорғау үшін Түркістан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді.
Мұндай жағдайлар онлайн-оқыту саласында жиі кездеседі: азаматтар қымбат курстарға ақы төлегенімен, уәде етілген нәтиже немесе тиісті қызмет сапасын ала алмай жатады.
Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды көздейді. Қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда азамат ақшалай қаражатын қайтаруды немесе дауды өзге тәсілмен шешуді талап етуге құқылы.
Әдетте мәселені шешу үшін алдымен қызмет көрсетушіге ресми талап-арыз жолданады. Егер дау досуданалық тәртіпте шешілмесе, тұтынушы аумақтық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады. Департамент құқықтық көмек көрсетіп, дауды реттеуге ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған халықпен тікелей жұмыс Түркістан облысында нәтижелі жүзеге асырылуда

admin

ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫЖАЙДАН 400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ АЛАДЫ

admin

«Таза Қазақстан»: обращения граждан продолжают непрерывно приниматься через Telegram-бот

admin

Пікір жазу