Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ОРЫН АЛҒАН СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТАЛДЫ

Төлеби ауданындағы таулы аумақтарда жауын-шашынның шамадан тыс көп жаууына байланысты орын алған су тасқыны жағдайы қазіргі таңда тұрақталды. Табиғи құбылыс салдарынан Қаратөбе, Алатау, Аққұм және Бірінші Мамыр ауылдық округтеріндегі тұрғын үйлердің аулаларына су кіріп, бірқатар инфрақұрылым нысандарына зақым келген.

Аудан әкімдігі тарапынан жедел түрде тиісті шаралар қабылданып, жағдай толық бақылауға алынды. Атап айтқанда, арнайы техникалардың көмегімен аулалардағы су сыртқа шығарылып, тұрғындарға қажетті көмек көрсетілді. Оқиға орнына Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов арнайы барып, зақымдалған нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Қазіргі таңда аумақтарда тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, Алатау ауылдық округінде су тасқыны салдарынан бірнеше көпірді су шайып кеткен. Нәтижесінде 38 автокөліктегі 81 азамат эвакуацияланып, Шымкент қаласына жеткізілді. Жалпы аудан бойынша зардап шеккендер тіркелген жоқ. Бүгінде жағдай тиісті мекемелердің тұрақты бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

admin

Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

admin

ҚАЗЫҒҰРТТА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ “ШЕБЕРЛЕР БҰРЫШЫ” ҚҰРЫЛДЫ

admin

Пікір жазу