Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 Түркістан облыстық прокуратурасының бастамасымен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы шеңберінде онлайн форматта кездесу өтті. Іс-шараға 300 мыңға жуық оқушы, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен тұрғындар қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтардың алдын алу тетіктерін күшейту және балалардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, буллинг және кибербуллингтің алдын алу, суицидтің алдын алу шаралары, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, интернет-алаяқтық, дроперлік, балалардың күнделікті өміріне қатысты өзге де маңызды тақырыптар туралы облысы прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов баяндама жасады. Ол өз сөзінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруда ата-ана, мұғалім және психологтардың бірлескен жұмысы шешуші маңызға ие екенін атап өтті. Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, сала мамандарынан толыққанды жауап алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылармен тұрақты кері байланыс орнату мақсатында осындай іс-шараларды ай сайын өткізу жоспарланып отыр.

Нет комментариев

Оставьте первый комментарий.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

admin

Құрылтай өз жұмысын бастайды – Президент депутаттар сайлауын 23 тамызға тағайындады

admin

Новая Конституция: закрепление статуса адвокатуры, защита интеллектуальной собственности и запрет обратной силы законов

admin

Пікір жазу