Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«КІТАП ПЕН КІТАПХАНАШЫ – ДАНАЛЫҚТЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

«23 сәуір – Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күніне» орай Сарыағаш ауданында «Кітап пен кітапханашы – даналықтың қос қанаты» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, «Amanat» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар, өңір басшысы -шара барысында естеліктер альбомына өз ізгі тілектерін жазып қалдырды
Іс-шара кітапхана саласының жетістіктерін танытатын мазмұнды бейнероликпен ашылып, көрермендерді рухани әлемге жетеледі. Сонымен қатар, «Даналар өсиеті» атты сахналық қойылым көпшілікке тағылымды ой тастап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Оған қоса, мәдениет саласының өкілдері Жаңғали Әділов пен Нұркелді Лесбек өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жиын барысында ұзақ жылдар бойы тұрақты оқырман ретінде кітапхана қызметін белсенді пайдаланып келе жатқан, «Оқырман бенефисі» жобасының кейіпкері Әділет Болатбекұлына құрмет көрсетілуі болды. Шараға сондай-ақ жергілікті ақын-жазушылар Әбілсапар Тұрғынбаев пен Сұлухан Мыңбаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Сыдықұлы, Әжелер алқасының төрайымы Күлшат Мәуленова, сондай-ақ ұстаздар мен кітапхана оқырмандары қатысты. Қонақтардың қатысуы кештің мазмұнын байытып, ұрпақтар сабақтастығын айшықтай түсті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағында көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және оның нәтижелерін жариялау тәртібіне ерекше назарларыңызды аудартамыз.

admin

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

admin

В ТУРКЕСТАНЕ В ПРЕДДВЕРИИ САММИТА ПРОШЛА ВЫСТАВКА ПОРОДИСТЫХ СОБАК

admin

Пікір жазу