Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН АУҚЫМДЫ ЭКО-АКЦИЯДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛДІ

Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. Игі бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылығы мен ұжымы, мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, тазалыққа жауапты мекеме жұмысшылары және Түркістан қаласы әкімдігі мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Өңір басшысы Нұралхан Көшеров табиғат жанашырларымен кездесіп, бірге көшет екті.
– «Таза Қазақстан» – бір жылдық бағдарлама емес. Ол өмір салтымызға айналуға тиіс. Тек акцияларда ғана емес, күнделікті өмірде ағаш егіп, тазалықты сақтай білсек, оны насихаттап, жастарды да игі іске жұмылдырсақ, бастама өз жемісін береді. Барша облыс тұрғындарын аймақты көгалдандыруға үлес қосуға шақырамыз, – деген Нұралхан Көшеров ел ағаларымен, жастармен пікір алмасты.
Іс-шара аясында қаланы көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жаппай ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бір күнде 1200 түп Қырым қарағайы мен 1000 түп жапырақты ағаш егілді. Осылайша, жалпы саны 2200 ағаш көшеті егіліп, Түркістанға кіреберістегі жасыл белдеу айтарлықтай толықты. Болашақта бұл аумақ саялы баққа айналмақ.
Бұл бастама Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл желектер көлемін арттыруға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Таңғы 7:30-дан бастап ағаш еккен көпшілік қауым көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 800-ден астам елді мекенде 3,6 милионнан астам ағаш көшетін егу көзделген. Ал биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы арқылы 1 миллион түп ағаш егу жоспары бекітіліп, нақты жұмыстар жалғасып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

АНА — ЕЛДІҢ, ОТБАСЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

admin

Сауран ауданында нашақорлық пен интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

admin

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

admin

Пікір жазу