Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Күш атасы Қажымұқан көтерген алып тастар

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде күш атасының үлкенді-кішілі 8 балуан тасы сақталған.
«Қазақ күшінің картасы» жобасы аясында өтіп жатқан «Балуан тас сапары» экспедициясы аталған музейге келіп, қазақтың күш өнерін әлемге танытқан өзгеше батыр бабамыздың көтерген тастарымен танысты. — Мұнда қара күш иесі Қажымұқан атамыздың арнайы көтерген тастары, жаттығуда пайдаланған және ел аралап өнер көрсеткенде білегінде ойнатқан түрлі алып тастар, сондай-ақ кеудесіне қойып, балтамен ұрып сындырған тастардың бөліктері сақталған. Музей қорында ең төмені 32 келіден 600 келіге дейінгі кір тастары мен таудың тығыз тастары бар, – дейді музейдің бөлім басшысы, балуанның шөбересі Ескермес Меруерт Асылханқызы. Оның айтуынша, құнды жәдігерлердің әрқайсысының өзіндік аңызға бергісіз тарихы бар.
Қажымұқанның жаттығу жасаған кір тастары – музей қорындағы ең алғашқы тіркелген жәдігерлердің бірі әрі бірегейі. Екі дана кір тасының бірі – кәдімгі қалыпты үлгідегі, палуанның жастық шағында пайдаланған, салмағы 32 келілік тас. Тастың бір бетіне бедерлі «1895 ж.» деген жазу қашалған. Екінші кір тас – салмағы 48 келі. Ол кәдімгі тау тасынан қашалып, қажетті деңгейдегі салмақта арнайы жасалған. Бұл тасты палуан қартайған шағында жаттығу мен өнер көрсету кезінде пайдаланған. Қажымұқан палуан Ұлы Отан соғысы жылдарында ел аралап өнер көрсеткенде шалқасынан жатып, көкірегіне шамамен 180–200 келі тартатын ауыр тастарды қойып, ұсталардың үлкен кувалдаларымен ұрып сындырған. Сол тастардың ұшып түскен бір бөлшегі бүгінге жеткен. Бөлшек тастың салмағы шамамен 25–30 келі.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

admin

ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА  СЕМИНАР ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАНДА 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

admin

Пікір жазу