(Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы)
Құрметті жұмыс берушілер!
ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.
Осыған байланысты, enbek.kz порталы арқылы хабарламалар жолданғанын хабарлаймыз.
Сіздерді қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға шақырамыз.
⚠️ Маңызды!
2026 жылдың бірінші тоқсанында аталған сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындарға тексеру жүргізу жоспарлануда.
❗ ЕСКЕРТУ:
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, міндетті сақтандыру шартын жасамау 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады
(2026 жылы 1 АЕК — 4 325 теңге, айыппұл мөлшері — 4 325 000 теңгеге дейін).
Қызметкерлерді уақытылы сақтандыру — еңбек заңнамасын сақтау ғана емес, олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік.
Бұл сақтандыруды уақытылы рәсімдеу жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілігін төмендетеді.
📌 Сақтандыру шарты жасалған кәсіпорын қызметкерінің алатын көмегі (мысал):
👤 Көмек алушы туралы ақпарат
* Туған күні: 23.07.1992 ж. (34 жас)
* Жынысы: ер
* Мамандығы: жүк тасушы
* Отбасылық жағдайы: үйленген
📄 Сақтандыру жағдайы:
– Еңбек жарақаты
– Диагноз: оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарының травматикалық ампутациясы
– Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуы: 55%
– Белгіленген мерзім: 01.11.2024 – 23.07.2025
– Жұмыс берушінің кінәсі: 100%
– Мүгедектік тобы: 3
💰 Төлемдер туралы:
* Орташа жалақы: 120 470,9 теңге
* Ай сайынғы сақтандыру төлемі: 46 708 теңге
* Аннуитеттік төлем кезеңі: 01.11.2024 – 23.07.2025
* Аннуитет факторы: 330,87
* Жалпы сақтандыру төлемі: 15 454 276 теңге
📍 Қызметкерлерді сақтандыру — олардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың нақты кепілі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті
Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
келесі
