Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «БІТІМГЕР» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БАҚЫТЖАН БЕЙСЕМБАЕВ ДАУЫС БЕРДІ

Түркістан қаласындағы №881 дауыс беру учаскесінде «Бітімгер» қоғамдық ұйымының төрағасы Бақытжан Бейсембаев өз азаматтық міндетін орындап, референдумда дауыс берді. Ол дауыс беру арқылы әрбір азаматтың қоғам өміріне белсенді араласуының маңыздылығын атап өтті.
«Референдум — еліміздің болашағына бағытталған маңызды саяси науқан. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің тұрақтылығы мен дамуына үлес қосуы тиіс. Дауыс беру арқылы азаматтар бірлікті нығайтып, елдің біртұтастығын қолдайтынын білдіре алады. Референдум – әр азаматтың жауапкершілігін және ел тағдырына қатысуын көрсететін маңызды демократиялық құрал. Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуына, әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Сондықтан әр дауыстың маңызы зор, әр таңдау – еліміздің болашағына қосқан үлес. Жалпы Түркістан қаласы – облыс орталығындағы тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп өңірлердің бірі. Сондықтан қала тұрғындарын отбасыларымен бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға шақырамыз», – деді ол.
Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Дауыс беру науқаны кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Астанада онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады

admin

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының барысымен танысты

admin

Н.КӨШЕРОВ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН МҰЗДАТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

admin

Пікір жазу