Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Бүгін еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға

Бүгін еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға – референдум күні. Мен Ауелбекова Нұргүл Алимтайқызы «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрамындағы байқаушы ретінде Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №188референдум учаскесінде дауыс беру процесін бақылап отырмын.
Байқаушының негізгі міндеті – дауыс беру барысының ашық, әділ және заң талаптарына сәйкес өтуін қадағалау. Таңертең учаске ашылған сәттен бастап барлық ұйымдастыру жұмыстары мен дауыс беру процесін бақылап келемін. Учаске уақытында ашылып, комиссия мүшелері өз міндеттерін белгіленген тәртіпке сай атқаруда.
Референдум учаскесінде азаматтардың еркін келіп, дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай қарастырылған – арнайы пандус орнатылған, кіріп-шығу ыңғайлы. Бұл әр азаматтың өз конституциялық құқығын толық әрі еркін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Күні бойы азаматтар учаскеге келіп, тіркелу рәсімінен өтіп, бюллетень алып, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру процесі тыныш, ұйымдасқан және ашық жағдайда өтіп жатыр. Байқаушы ретінде менің міндетім – дауыс беру барысында заңдылықтың сақталуын, дауыс берушілердің құқықтарының бұзылмауын және процестің ашықтығын бақылау.
Қазіргі уақытқа дейін учаскеде дауыс беру барысы қалыпты өтуде, ешқандай құқық бұзушылықтар немесе тәртіпке қайшы жағдайлар байқалған жоқ.
Осындай маңызды күні әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Әрбір дауыс – еліміздің болашағына қосылған үлес.

Ұқсас жаңалықтар

Балалардың құқықтары қорғалды: Қостанай облысында 157 алимент төлемейтін адамдар жауапқа тартылды және 240 миллион теңгеден астам өндірілді

admin

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТТЫ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 512 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

admin

Пікір жазу