Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақМәдениетСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ОТБАСЫМЫЗБЕН ДАУЫС БЕРЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Республикалық референдум күні Түркістан облысында «Отбасымызбен дауыс береміз!» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар отбасымен бірге дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және жас ұрпаққа ел болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсету.

Акция аясында Жетісай ауданындағы №224 дауыс беру учаскесіне аудан тұрғыны Халым Тұрсынов отбасы мүшелерімен бірге келіп, азаматтық борышын орындады. Оның айтуынша, мемлекет дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әрбір азаматтың қатысуы маңызды.

Мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – әрбір азаматтың міндеті. Біз отбасымызбен бірге келіп дауыс беру арқылы балаларымызға да ел тағдырына бейжай қарамаудың үлгісін көрсеткіміз келеді. Әрбір отбасының таңдауы – мемлекет болашағына қосылған үлес, – деді ол.

Айта кетейік, Жетісай ауданында республикалық референдум өткізу үшін 72 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Ауданда 102 510 азамат дауыс беру құқығына ие.

Жалпы, Түркістан облысында 1 187 257 азамат референдумда дауыс беру құқығына ие. 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір бойынша 947 референдум учаскесі жұмыс істеп, тұрғындар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу – басты назарда!

admin

Шаһардың шырайын кіргізген қойылым

admin

Түркістанда дүниежүзілік жазушылар күніне орай әдеби басқосу өтті 

admin

Пікір жазу