Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ «АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ШӘРІПБЕК ЖАМАЛБЕКҰЛЫ ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум барысында Түркістан облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбекұлы Түркістан қаласындағы №133 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Ол референдумның ел өміріндегі маңызды саяси науқан екенін атап өтіп, азаматтардың белсенділігі қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін көрсететінін жеткізді.

– Референдум – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын кезең. Сондықтан әрбір азамат мұндай жауапты сәтте өз азаматтық ұстанымын білдіріп, ел тағдырына бейжай қарамауы қажет, – деді ол.

Айта кетейік, Түркістан облысында барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 2 миллион 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

admin

Жаңару күні: Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

admin

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімін қабылдады

admin

Пікір жазу