Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Республикалық референдум: азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық аясында азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бүгінде ел тұрғындарына референдумға қатысу тәртібі, дауыс беру учаскелері және қажетті ақпараттарды алу жолдары туралы кеңінен түсіндіру шаралары жүргізілуде.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта байланыс операторлары арқылы республикалық референдум туралы толық ақпарат қамтылған SMS-хабарламалардың екінші легі таратылуда. Сонымен қатар азаматтарға ақпарат жеткізудің қосымша арналары ретінде мемлекеттік және қаржы ұйымдарының цифрлық платформалары да пайдаланылуда.

Мәселен, eGov mobile қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарламалар жіберіліп, тұрғындарға референдум күні мен дауыс беру тәртібі жөнінде мәліметтер ұсынылуда. Бұл шаралар азаматтардың маңызды саяси науқан туралы дер кезінде және толық ақпарат алуына мүмкіндік береді.

Дауыс беру учаскесін қалай білуге болады?

Референдумға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің дауыс беру учаскелерін бірнеше тәсіл арқылы анықтай алады:

1. QR-код арқылы
Арнайы QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сайттың тиісті бөліміне өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы өздерінің референдум учаскесін анықтай алады.

2. Арнайы интернет-порталдар арқылы
ЖСН енгізу арқылы дауыс беру учаскесін келесі ресми интернет-ресурстардан білуге болады:

Бұл сервистер азаматтарға өздерінің тіркелген учаскесін жылдам әрі ыңғайлы түрде анықтауға мүмкіндік береді.

3. Call-орталықтар арқылы кеңес алу
Референдумға қатысты сұрақтар бойынша азаматтарға кеңес беру үшін арнайы Call-орталықтар жұмыс істейді. Call-орталықтардың байланыс нөмірлері мен жұмыс тәртібі туралы ақпарат жергілікті әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.

Есептен шығару куәлігі арқылы дауыс беру мүмкіндігі

Егер азамат дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болатын болса, онда ол 2026 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін есептен шығару куәлігін алып, басқа жерде дауыс бере алады.

Аталған куәлікті алу тәртібі туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ресми сайтында танысуға болады.

Әр дауыс – ел болашағы үшін маңызды

Республикалық референдум – мемлекет өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Осындай кезеңде әрбір азаматтың белсенділігі, азаматтық ұстанымы және өз таңдауын білдіруі ел дамуы үшін айрықша маңызға ие.

Сондықтан тұрғындарды референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырамыз. Әрбір дауыс – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қосылған үлес.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Ұқсас жаңалықтар

Заң үстемдігі мен әділеттілік – қоғам тұрақтылығының кепілі

admin

ШІРКЕЙГЕ БӨЛІНГЕН 1, 4 МЛРД АУАҒА КЕТТІ МЕ?

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді

admin

Пікір жазу