Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

2026 жылғы қаңтар айындағы жол-көлік оқиғалары туралы

2026 жылғы қаңтар айында Түркістан облысы бойынша 77 (2025 жылы қантар айы — 69) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен сәйкес салыстырғанда 11,6%-ға өскен.
Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны 26,5%-ға (98-ден 124-ке дейін) өсті, оның ішінде жарақат алғандар саны 25,3%-ға (83-тен 104-ке дейін), ал қаза тапқандар саны 33,3%-ға (15-тен 20-ға дейін) өсті.
Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 26 (2025 жылы қантар айы — 19), өсім – 36,8%-ға, қаза тапқандар саны 2 (2025 жылы қантар айы — 1) өсім – 100%-ға.
Жол-көлік оқиғаларының ең көп саны тіркелген Жетісай – 11, Сарыағаш – 10, Сайрам – 8, Арыс – 7, Ордабасы – 6, Келес – 5, Созақ – 5, Түлкібас – 5, Сауран – 4, Түркістан қаласы – 3, Бәйдібек – 3, Кентау қаласы – 2, Қазығұрт – 2, Төлеби – 2, Шардара – 2, Мақтаарал – 1, Отырар – 1 аудандары.
Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында және елді мекендер аумағында орын алуда.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жол қозғалысы қағидаларын сақтамау, белгіленген жылдамдықты арттыру, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі, бұл олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтар мен туристер, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің бастығы,
аға әділет кеңесшісі
АЙДЫН ТӨРЕБЕКОВ

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 226 мыңнан астам кітап қоры бар заманауи балалар кітапханасы ашылды

admin

Отырар ауданында қоғамдық тұрақтылық пен «Қауіпсіз балалық шақ» мәселелері талқыланды

admin

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

admin

Пікір жазу