Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан қаласында 570 орындық жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасып жатыр. Жоба Түркияның «YDA Group» компаниясы тарапынан жеке бастама ретінде жүзеге асырылуда.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жасаған сапарында облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге құрылыс жұмыстарымен танысты. Олар мердігер өкілдерімен кездесіп, жобаның қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарларын талқылады.

Қанат Бозымбаев құрылыс сапасын қатаң бақылауды және инженерлік инфрақұрылымды толық аяқтауды тапсырды. Ал облыс әкімі Нұралхан Көшеров болашақ аурухананы заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету және кадр жетіспеушілігін алдын ала шешудің маңыздылығын атап өтті. Жаңа нысан өңірге жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсететін орталыққа айналуы тиіс.

Нысан туралы қысқаша мәлімет

  • Аумағы: 15,6 гектар

  • Қабат саны: 7

  • Жалпы ауданы: 83 277 шаршы метр

  • Құрылыс жұмыстарының орындалуы: 87%

  • Пайдалануға беру: келесі жылы жоспарланған

Жаңа көпбейінді аурухана іске қосылған соң Түркістан облысының тұрғындарына заманауи әрі сапалы медициналық көмек көрсететін ірі орталық болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

admin

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

admin

Түркістан облысында полицейлер жаяу жүргіншілерге жол бермеген көлік иелерін тоқтатты

admin

Пікір жазу