Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР МЕН ПЛАСТИК ЫДЫСТАР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің полиэтилен пакеттері мен пластикалық (желім) ыдыстар өндіретін жаңа зауыты пайдалануға берілді. Өндіріс орнының ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыттың жұмыс процесімен танысты.

Аймақ басшысы жаңа кәсіпорынның өңір экономикасына қосар үлесін тілге тиек етіп, кәсіпкерлікті дамытудағы маңызын атап өтті.

– Түркістан облысы үшін бүгін өте маңызды жоба іске қосылып отыр. Полиэтилен пакеттері мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстар шығаратын бұл өндіріс – өңірдің индустриалды әлеуетін арттыратын елеулі қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өнім өндіруді күшейту жөніндегі тапсырмалары біртіндеп жүзеге асуда. Жеке инвестор есебінен 4 млрд теңге көлемінде қаржы құйылған жоба – соның айқын дәлелі. Ішкі нарықта пластикалық өнімдерге сұраныс жоғары болғандықтан, бұл зауыт импортты алмастырып, экспортқа да жол ашады. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолдау әрқашан көрсетіледі, – деді облыс әкімі.

Зауыттың жалпы құны – 4 млрд теңге. Кәсіпорын 30-дан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

Облыс экономикасына келер болсақ, биылғы 10 айда негізгі капиталға 1 178,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн АҚШ долларына жетті. Сондай-ақ, 2025–2028 жылдарға арналған 111 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған. Бұл жобалардың жүзеге асуы өңірде 23 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

admin

30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңыздылығын атап өтеді.

admin

Пікір жазу