Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ҚАЗАҚСТАНДА ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТУДЕ

Қазақстанда жыл сайынғы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы басталды. БҰҰ-ның бастамасымен 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін бұл шара 180-нен астам елді қамтиды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері мәлімдегендей, биылғы акция «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» тақырыбымен өтеді. Науқан барысында өңірде түсіндіру жұмыстарын күшейту, халықпен кездесулер ұйымдастыру, жедел желілер мен мобильді топтардың жұмысын жандандыру көзделген.

Акция аясында ақпараттық жадынамалар, әлеуметтік роликтер, инфографикалар және билбордтар орналастырылып, оқу орындары мен ұйымдарда семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар аймағында қоғамдық нысандар қызғылт сары түспен безендіріліп, зорлық-зомбылықпен күрестің символы саналатын «Қызғылт-сары күн» акциясы ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Полицейские выявляют нарушения с помощью дронов в ходе акции «Таза қала»

admin

«Таза Қазақстан»: обращения граждан продолжают непрерывно приниматься через Telegram-бот

admin

Свыше тысячи интернет-ресурсов, связанных с распространением наркотиков, заблокировала полиция в Шымкенте

admin

Пікір жазу