6 Желтоқсан, 2025. 10:55
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

Түркістан облысында инвесторлармен өндіріс жобаларын іске асыру жөніндегі келіссөздер өтті

Түркістанда өтіп жатқан «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың алпауыт компанияларының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Жиында шетелдік бизнес өкілдеріне өңірдің инвестициялық климаты, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері және өндіріс саласына арналған қолайлы жағдайлар таныстырылды.

Әкім өз сөзінде Түркістан облысының геостратегиялық маңызына тоқталып, мұнда шетелдік капитал үшін кең ауқымды мүмкіндіктер бар екендігін атап өтті.

«Өңіріміз Орталық Азия, Қытай, Ресей және Еуропа бағыттарын байланыстыратын маңызды транзиттік торапта орналасқан. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтарда жаңа өндірістік жобаларды орналастыруға толық жағдай жасалған. Біз шетелдік серіктестердің өңір экономикасына қатысуын кеңейтуді қолдаймыз», – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесу барысында инвесторлар күн және су электр станцияларын салу, логистика мен көлік инфрақұрылымын дамыту, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ туризм салалары бойынша ұсыныстарын жеткізді. Кейбір компаниялар дайын жобаларға тікелей қаржы салуға дайын екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан жобалардағы инфрақұрылымдық мәселелер талқыланып, оларды шешу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Түркістан облысында өндіріс көлемін арттыру және инвестиция тарту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 2025–2028 жылдарға арналған 111 жобадан тұратын инвестициялық пул жасақталған. Бұл жобалар толық орындалған жағдайда өңірде 23 915 жаңа жұмыс орны ашылады.

Биыл 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, нәтижесінде 8 250 тұрақты жұмыс орны құрылады. Қазіргі уақытқа дейін 34 жоба іске қосылып, 4 889 адам жұмыспен қамтылды.

2024 жылдың 10 айында облыс экономикасына 1 178,4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Ал 2025 жылға бекітілген 475 млн АҚШ доллары көлеміндегі тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспары II тоқсанның қорытындысымен 543,5 млн АҚШ долларына орындалып, межеден асып түсті.

Ұқсас жаңалықтар

НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРГЕН ФЕСТИВАЛЬ ЖӘНЕ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

Түркістандағы келешек мектебі жоғары оқу орындарын қызыл дипломмен тәмамдаған 19 жасты конкурссыз жұмысқа қабылдады

admin

Пікір жазу