Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

▪️Түркістан облысында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
▪️Қабылдауға жазылған азаматтардың көбі әлеуметтік мәселелермен келген. Мәселен бірі мүгедек баласына әлеуметтік көмек сұраса, келесі азамат жұмысқа орналастырып беруді өтінді және тағы басқа. Сонымен қатар Арыс, Мақтаарал, Жетісай аумағындағы жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ФАБ құрылысы және жаңа мектептің жанынан қосалқы мектеп салу мәселесін көтерді. Лагерьдегі қауіпсіздік талаптары сақталмауына қатысты мәселелер де сөз болды.
▪️Азаматтардың өтінішін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары барлық мәселенің тек белгіленген заң аясында шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
▪️Ашықтық қағидатына негізделген қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалаларынан бөлек, Созақ, Отырар, Жетісай, Мақтарал аудандарынан 15-ке жуық азамат келді. Азаматтардың өтініші негізінде хаттамалық тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

admin

2026 жылы генеративті контент технологиялық эксперименттер санатынан біржола шығып, құқықтық реттеу нысанына айналды.

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin

Пікір жазу