Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР

Қазақстан әуел бастан-ақ қатаң орта­лық­­­тан­дырылған басқару формасы бар бір­тұтас мемлекет ретінде қалыптасты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ахуал соны талап еткені белгілі. Өйткені жаңа ғана пайда болған елді номиналды түр­де бекіткен қағаз жүзіндегі әкімшілік-құ­қықтық шешімдерге қауіп төндірген күш­терді тоқтату қажет еді. Ол күштердің ара­сында сол кезде жергілікті сепаратизм ре­­­­­тінде танылғандар мен элиталық қысым да болды. Сондай-ақ тәуелсіздігін енді ғана алған мемлекетіміздің бұған дейін Кеңес Одағында транзиттік және шикізаттық ел ға­на болып келгенінің де салдары айтар­лықтай байқалып жатты.
Біз сөзбен айтқанда, қанаты қатая қой­м­аған мемлекет пен жаңадан қалыптасып жат­қан дербес экономикаға әлемнің саяси кар­тасында әлсіз контурмен ғана бедер­лен­ген елдің іргесін бекемдей түсетін, жұмыс іс­тейтін институттары мен шешім қабыл­дай­тын біртұтас вертикалі бар қуатты орта­лықтандырылған мемлекеттік жүйе қа­жет болды. Тұңғыш Президент Нұрсұл­тан Назарбаевтың шешімдері мен саясаты да осыған бағытталған болатын.
Алайда өткен отыз жыл ішінде аяғына нық тұрған Қазақстан осы қатаң жүйемен біте қайнасып кетті. Тіпті, бұл жол тарихи рө­лін атқарып қана қоймай, жаңа үрдіс­тер­ге, жылдар бойы қалыптасқан өңірлік ерек­шеліктерге сай алға жылжуға мүмкін­дік бермей, дамуға кедергі келтіре бастады. Ша­мадан тыс орталықтандыру мен жер­гілік­ті ерекшеліктерді елемеуден туындаған тең­герімсіздік 2010 жылдарды аяғында эко­номикалық проблемалар мен әлеу­мет­тік сын-қатер тудыра бастады. Соның сал­дарынан жоғары мінберлерде айтылып жүр­ген тұрақтылыққа қауіп төндірген жаңа шындық пайда болды.
Жаңа шындықтың басты ерекшелігі – өңір­лер арасындағы экономикалық даму деңгейлеріндегі теңгерімнің болмауы, яғни тұрғындардың өмірі мен әл-ауқатындағы ал­шақтық.
Жан басына шаққандағы өңірлік жал­пы өнім (ӨЖӨ) ресурстарға бай еліміздің ба­тысындағы өңірлер мен оңтүстік және сол­түстік аймақтардағы аграрлық облыс­тар арасында айтарлықтай алшақ болды. Егер Атырау облысында жан басына шақ­қан­дағы ӨЖӨ 21 млн теңгеден асса, Түркі­стан облысында бұл көрсеткіш 2 млн теңге шамасында болды, яғни алшақтық 10 есеге дейін жетті.
Мұнай мен газға бағдарланған батыс ай­мақтар елдің ІЖӨ-сіне айтарлықтай үлес қос­ты, ал оңтүстік, солтүстік және шығыс эко­номиканың әлсіз әртараптандырылуына бай­ланысты тоқырауға ұшырады. Мұндай жағ­дай артта қалған облыстарды «даму тұза­ғы­на» түсіріп, төмен өнімділік салдарынан ке­дейлік пен жосықсыз көші-қон одан әрі үдей түсті.
Өңірлердің басым бөлігінің эконо­мика­ның бір-екі секторына ғана тәуелді болуы тең­герімсіздік себептерінің бірі екені анық. Бұл ахуал әлемдік бағалар құбылып тұрған шақ­та оларды одан әрі әлсіретті. Өңірлердің ши­кізатқа немесе субсидияланатын аграрлық сек­торға байланған экономикасын әрта­рап­тан­­дырудың төмен деңгейі шикізаттан басқа са­ланың өсуіне тұсау болды. Қаржылан­дыру­дың жеткіліксіз және өткізу нарықтарына қолжетімділіктің шектеулі болуы шағын және орта бизнесті ынталандыруға кері әсерін ти­гіз­ді. Бұл әлеуметтік проблемаларды шие­ле­ністіре түсті. Осыған байланысты табыс тө­мен­деп, кедейлік деңгейі жоғарылап, жастар ірі қалаларға ағылды.
Өңірлік билік те салықтық базаны ұл­ғай­туға мүдделі болмай, негізінен орталықтан бе­рі­летін субсидияларға қарап қалды.
Осы жерден тағы бір проблема туындады. Ол – инвестициялардың біркелкі болмауы жә­не өңірлердің бюджетке тәуелділігі. Ин­вес­тициялар – елордаға, ірі қалаларға және өн­діру­ші аймақтарға шоғырланып, кейбір өңір­лер назардан тыс қалды. Салдарынан эко­но­ми­калық және әлеуметтік алшақтық ұлғайды. Ре­сурс теңсіздігінің әсерінен өңірлер донор­лар мен республикалық бюджеттен берілетін субвенцияларға тәуелді реципиенттер болып бөлінді.
Бұл жағдай орталыққа барынша тәуелді бо­лып отырған аймақтардың басқару дербес­тігін және экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуін әлсіретті. Соның салдарынан жергілікті жер­лерде бастамалар азайып, әр облыстың ерек­шелігі мен табиғи артықшылықтарына бай­ланысты даму әлеуеті төмендеп кетті.
Еліміздің территориясы кең болғанымен ха­лық тығыздығы төмен екені белгілі. Осын­дай жағдайда инфрақұрылымның дамымауы да үлкен кедергі болды. Бұл, ең алдымен, көлік бай­ланысына қатысты еді. Жолдардың саны мен сапасы өңірлердің экономикалық ин­тег­рациясында, сауда мен туризмде және қара­пайым қатынаста қиындық тудырды.
Дүниежүзілік экономикалық форум са­рап­шыларының есептеріне сәйкес Қазақстан 2020 жылдардың басында жол инф­ра­құры­лымының сапасы жағынан 119 елдің ішінде 90-орын алған.
Цифрлық алшақтық та тағы бір инфра­құрылымдық сын-қатерге айналды. Жыл­­дам­дығы жоғары интернеттің қолже­тім­сіз болуы себепті шалғай жерлерде цифрлық мем­лекеттік қызметтерді алу ірі қалаларға қара­ғанда әлдеқайда қиын еді.
Экономикалық теңгерімсіздікпен бірге әлеу­­меттік салада және өмір сүру, әсіресе, ауыл­­дағы өмір сүру сапасы бойынша тең­герім­сіздік артты. Білім беру мен денсаулық сақ­тау қызметіне қол жеткізудегі алшақтық та айтарлықтай ұлғайды. Ауылдық және оң­түстік аудандарда кедейлік деңгейі өсіп, 2010 жыл­дардың аяғында халықтың 12 пайызын қам­тыды. Ал ірі мегаполистерде бұл көрсет­кіш 5 пайызға тең болатын.
Жалпы, экономикалық, қаржылық, адами және инфрақұрылымдық белсенділік екі ірі қала Астана мен Алматыда шоғырланды. Мұн­дай жағдай осы қалалар мен елдің басқа өңір­лері арасында өмір сүру деңгейі, мүм­кіндіктер, көрсетілетін қызметтер сапасы бойын­ша орасан зор алшақтық тудырды.
Соның салдарынан демографиялық және кө­ші-қон мәселелері ушықты. Жастар білім, жұ­мыс іздеп және өмір сүру деңгейін арттыру үшін ауылдардан қалаларға, облыс орта­лық­тарынан мегаполистерге ағылды. Нәти­же­сін­де, миллионнан астам тұрғыны бар қалаларда көші-қон көрсеткіші бұрынғыдан да арта түс­ті. Мәселен, кейінгі жылдары Астана хал­қы­ның саны 250-300 мың адамға көбейген. Осыған орай бүгінде халқының саны ресми түрде 1,5 миллион болып саналатын елор­да­ның инфрақұрылымы күн сайын 2 миллионға жуық адамға қызмет көрсетуге мәжбүр.
Солтүстік аймақтар халықтың үдере кө­шуі­нен зардап шекті. Бұл демографияны, әлеу­­­меттік инфрақұрылымды және эконо­ми­калық әлеуетті әлсіретті. Ал жер мен судың тап­шылығы сезілетін, халық тығыз қоныс­тан­ған оңтүстікте туу деңгейі жоғары көрсет­кіш­ке жетіп, әлеуметтік шиеленіс күшейді.
Өңірлердің дамуындағы проблемалар мен сын-қатерлер бір-бірін одан әрі ушық­ты­рып, 30 жыл ішінде қарама-қайшы жүйеге ай­­­налды. Сондықтан шегіне жеткен жекелеген мә­селелерді басқаларынан бөлек шешу әре­кет­тері тұрақты нәтиже бермеді.
Сол себепті өңірлерді дамытудағы нақты жүйе­лі тәсіл Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаторлық күн тәртібіндегі маңызды тармақтардың біріне ай­налды.
Басты қағидат: ондаған жыл бойы қор­да­ланған проблемалардың тамырына бірден бал­та шаппай, ширатылған жіпті біртіндеп тар­қату еді. Бұл – өрт сөндіргендей, қас-қа­ғым сәтте нәтиже беретін дағдарыс-менедж­мент емес, барлық деңгейде бүкіл проблеманы түп-тамырымен жоятын берік негізді жүйе құру деген сөз. Алысты көздеп, есептеп жасал­ған жүйелілік, ауқымдылық және кезеңділік Президент Тоқаевтың өңірлік реформасының үш алтын қазығы болды.

https://turkystan.kz/article/270494-reformalardyn-mani-4-quatty-onirler-quatty-ult

Ұқсас жаңалықтар

КЕЛЕС: ШЕКАРА ҚАУІПСІЗДІГІН НЫҒАЙТУ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

admin

Улы газдан сақ бол!

admin

Түркістанда жұмысшы мамандығында оқитын студенттер өндіріс орнында тәжірибе алмасты

admin

Пікір жазу