Сайрам ауданында азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл шаралар «Қауіпсіз қоғам» жобасының аясында қоғамдық бақылау тетіктерін күшейтуге және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта Сайрам ауданы әкімі аппаратының «Әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімшесінің бас маманы Макпал Джакупбекова Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратына барып, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барысына қоғамдық бақылау жүргізді.
Бақылау жұмыстары барысында қызмет көрсету орталығының ішкі жағдайы, тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым жасақталуы, ақпараттардың қолжетімділігі және азаматтарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының тиімділігі тексерілді. Ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз алуы үшін қажетті жағдай жасалуы – басты талаптардың бірі. Осыған орай ғимараттың кіреберіс аумағындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустың болуы, арнайы шақыру батырмасының орнатылуы, дабыл жүйесінің жұмыс істеуі және ақпарат бұрышындағы материалдардың өзектілігі назарға алынды. Сонымен қатар қызмет алушыларға көрсетілетін ақпараттың түсінікті әрі қолжетімді болуының маңыздылығы атап өтілді.
Тексеру барысында ауылдық округ әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне байланысты азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына жедел әрі сапалы жауап беру, электрондық қызметтерді тиімді пайдалану, қоғаммен кері байланыс орнату, және мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындауы мүмкін мәселелерді болдырмау бойынша ақпарат берілді. Қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу азаматтардың құқықтарын қорғауға, олардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Бұл ретте ауылдық округ аппаратының жұмысы жалпы талаптарға сәйкес екені байқалды, дегенмен көрсетілетін қызметтердің тиімділігін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Бақылау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған шараларды күшейту қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын жаңғырту, ақпараттық материалдарды толықтыру, электрондық қызметтерді пайдалануға қатысты түсіндіру жұмыстарын жандандыру, қызмет алушыларға арналған жайлы орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар тұрғындардың сұрақтарына жедел жауап беру және қызмет көрсету барысында ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету қағидатын ұстану қажеттігі түсіндірілді.
«Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында жүргізіліп жатқан мұндай жұмыстар тек мемлекеттік қызмет сапасын бағалаумен шектелмейді. Олар қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Қоғамдық бақылау механизмдері мемлекеттік аппараттың жұмысын тиімді етуге, оның халыққа қолжетімді әрі ашық болуына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады және аудан аумағындағы басқа мемлекеттік мекемелерде де осындай мониторинг шаралары жүргізіледі.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында нақты жоспарлар жүзеге асырылып, азаматтарға қызмет көрсетуде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен енгізіледі. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан туындайтын ұсыныстар мен шағымдар дер кезінде қаралып, олардың шешілуіне бақылау күшейтіледі. Бұл өз кезегінде аудан халқына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырды, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтады және тиімді кері байланыс орнатуға жол ашады. Жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары мемлекеттік қызмет көрсету саласында ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
