Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Созақ ауданында қоғамдық-саяси ахуал мәселелері талқыланды

Созақ ауданында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисовтың төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуалға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Жиынға құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы биліктің, сондай-ақ тиісті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Басқосу барысында өңірдегі қоғамдық тұрақтылық пен әлеуметтік ахуалдың өзекті мәселелері қаралды.

Кеңес кезінде азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындармен өзара байланыс орнату, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды.

Сонымен қатар аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, діни және этносаралық келісімді сақтау, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауына жол бермеу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысында облыс прокурорының орынбасары жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, құқықтық тәртіп пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты

admin

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

admin

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

admin

Пікір жазу