Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА САЙЛАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін, 26 қазан күні Келес ауданында №16 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына Келес аудандық мәслихатының депутатын сайлау басталды.
Сайлау таңғы сағат 7:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылды. Алғашқы болып дауыс беруге келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Аталған округке қарасты 28 Гвардия, Ынтымақ, Көгерту, Ақжар және Қаратөбе елді мекендерінде орналасқан 4 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Сайлау бюллетеніне барлығы 3 кандидаттың есімі енгізілген. Округ бойынша жалпы 3979 сайлаушының дауыс беру құқығы бар. Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін үздіксіз жұмыс істейді.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Көшпенді өркениеттің рухы

admin

Құрметті Жұмыс берушілер!

admin

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

admin

Пікір жазу