Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда полицейлер мен ардагерлер мектеп оқушыларымен кездесті

Түркістан қаласында ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара №28 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіру болды.

Іс-шара барысында Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен ардагерлері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамда тәртіп сақтау, жеке қауіпсіздік шараларын білу жөнінде нақты мысалдар келтіріп, кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ардагерлер өздерінің қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке және жауапкершілікке шақырды.

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы жас буынға құқықтық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті:

– Бүгінгі жастар – ел болашағы. Олардың заңды құрметтеуі, тәртіпті сақтауы және өз қауіпсіздігіне мән беруі – біздің басты назарымызда. Осындай кездесулер арқылы жасөспірімдердің санасына заңға бағынудың маңызын сіңіру – ортақ міндетіміз, – деді басқарма бастығы.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық рухын көтеруге және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға оң әсер етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер жаяу жүргіншілерге жол бермеген көлік иелерін тоқтатты

admin

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАНАУИ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ

admin

ЖАС САҚШЫЛАРДЫҢ САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕКСЕРДІ

admin

Пікір жазу