Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

2025 жылы Түркістанда 7 айда 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Жағымды жаңалық! Түркістан қалалық Мансап орталығы 2025 жылдың алғашқы жеті айында жоспарлы межелерін абыроймен орындап, өңірдегі еңбек нарығының тұрақты дамуына елеулі үлес қосты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және азаматтарды тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылданды.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жалпы 7 434 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 4 795-і – тұрақты, ал 2 639-ы – уақытша жұмыс орындары. Бұл көрсеткіш қала экономикасының белсенділігін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға сеп болды.

Еңбек бағыты бойынша Түркістан қаласында 3 365 бос жұмыс орны ұсынылса, қосымша 1 547 субсидияланған жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1 225-і – қоғамдық жұмыстар, 233-і – «Жастар практикасы», 25-і — «Алғашқы жұмыс орны», 42-сі — «Күміс жас» бағдарламасы аясындағы орындар және 32-сі әлеуметтік жұмыс орындары болып табылады.

Ұлттық жоба мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында 320 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, «10 мың тұрғынға – 100 орын» бағыты бойынша 1 234 жұмыс орны ашылып, 69 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

«Түркістандық әрбір азаматтың тұрақты табысқа қол жеткізуіне жағдай жасау Мансап орталығы жұмысының басты бағыты болып қала береді. Осы мақсатта алдағы кезеңде де жаңа жобалар іске асырылып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер кеңейтілетін болады», — дейді жауапты мамандар.

Қисыны келгенде назарларыңызды аудара кетейік, ағымдағы жылдың 11-22 тамызы аралығында Түркістан қаласында 400 айлық есептік көрсеткішке (1 572 800 теңге) дейінгі көлемде қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау жүргізіліп жатыр.

Аталған мемлекеттік қолдау шарасы жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметін бастағанына 3 жыл толмаған тұлғаларды кәсіпкерлікке тарту және өз ісін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Өтінімдер электронды түрде «business.enbek.kz» порталы арқылы қабылданады.

Қатысу талаптарына сәйкес келетін тұлғалар:

  • Жұмыссыз азаматтар;
  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 3 жылға дейінгі тұлғалар.

Артықшылық берілетін әлеуметтік санаттар:

  • Көпбалалы отбасылар;
  • Мүгедектігі бар жандар;
  • Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтар;
  • Асыраушысынан айырылған тұлғалар;
  • Аз қамтылған отбасылар;
  • Қоныс аударушылар;
  • Қандастар.

Аталған грант өз кәсібін ашуға және дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Барша тиісті санаттағы тұрғындарды белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

admin

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының барысымен танысты

admin

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды

admin

Пікір жазу