Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғам мен мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов Келес ауданына арнайы іссапармен келіп, сала өкілдерімен кеңейтілген форматта жиын өткізді.

Кездесуге Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы Ағыбаев, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, арнаулы орта оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Жиында «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы аясында балалар мен жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының ертуінсіз тұрғын үйден тыс жүруіне жол бермеу, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарда болу тәртібін сақтау, мектептегі әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсау және ерте жүктіліктің себептері мен салдарын азайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, бала тәрбиесіне салғырттық танытатын ата-аналарды анықтап, олармен түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.

Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір бала бейбіт елде бақытты өмір сүруге, қауіпсіз ортада өсіп-жетілуге және өз әлеуетін еркін дамытуға құқылы. Бүгінгі басқосудың мақсаты – осы құндылықтарды қорғау және ата-аналар мен ұстаздардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, – деді облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов.

Кеңес барысында ұстаздар мен сала мамандары өз ұсыныстарын ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Прокуратура өкілдері мен педагогтар тарапынан нақты ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары нақтыланды.

Жиын соңында мектеп директорлары мен психолог мамандарға, сондай-ақ ювеналды полиция инспекторларына кәмелетке толмағандармен профилактикалық және тәрбиелік жұмысты күшейту тапсырылды.

Белгіленген міндеттердің орындалу барысы бір ай мерзім ішінде қайта қаралып, атқарылған жұмыстардың тиімділігі мен нәтижесі арнайы зерделенетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов

admin

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев өз еркімен қызметінен кетті

admin

Шымкентте «Алғыс айту» күні мен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мереке өтті

admin

Пікір жазу