Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ САЛАДАҒЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қаланың тазалығы мен абаттандырылуына ерекше үлес қосып жүрген «Шардара аудандық шаруашылық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірқатар әйел қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты шара барысында аудан басшысы коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, олардың ауданның дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттырудағы рөлін атап өтті.

«Сіздердің күнделікті елеусіз көрінетін, бірақ қоғам үшін аса маңызды еңбектеріңіз – ауданның көркеюіне, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Қоғам үшін аса маңызды осы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін», — деді Арман Қарсыбаев.

Іс-шара аясында аудан әкімі коммуналдық салада адал еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға «Шардара ауданына 60 жыл» мерекелік медалін және бағалы сыйлықтар табыстады.

Марапат иелері аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, өз кезегінде туған өңірдің көркеюі жолында абыроймен еңбек етуді жалғастыра беретіндерін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

«ЭкоШина»: экологияға үлес қосқан өндіріс

admin

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.

admin

Тұтынушының құқығы қорғалды

admin

Пікір жазу