Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ОРТАЛЫҚ БАЗАР АУМАҒЫНА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбековтың бастамасымен Мырзакент кентіндегі орталық базар аумағы мен оның айналасында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және заңсыз кәсіпкерлік нысандарын ретке келтіру бағытында арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейдтің негізгі мақсаты – кент аумағындағы тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, бейберекет сауданың алдын алу және тұрғындар мен кәсіпкерлерге қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.

Іс-шара барысында базар маңы мен оған іргелес аумақтар жан-жақты тексеріліп, бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, санитарлық талаптардың сақталмауы, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау, сондай-ақ көлік қозғалысына кедергі келтіретін бейберекет сауда нүктелері сияқты мәселелер тіркелді.

Анықталған олқылықтар бойынша базар әкімшілігіне нақты ескертулер беріліп, тиісті талаптарды орындау міндеттелді.

Аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков базарды және оған іргелес орналасқан автобекетті заман талабына сай жаңғырту қажеттігін атап өтті. Ол инфрақұрылымды жақсарту, сауда нүктелерін біріздендіру және келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда жоба эскизін әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Аталған рейдтік іс-шара бір реттік шара емес, алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп, кенттің тазалығы мен тәртібін сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Бұл – аудан басшылығының тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдарының бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жобасы іске қосылады

admin

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

admin

Пікір жазу