Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабриканың құрылысы басталды.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров Жабағылы ауылындағы «Қарқын Трейд» ЖШС-ның құс етін өндіру зауытының капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.


Аймақ басшысының сөзі

Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн. Себебі бір күнде қос бірдей жаңа өндіріс нысандарының құрылысы мен ашылуының куәсі болып отырмыз. Атап айтқанда, Күмісбастау ауылында сусындар өндіретін ірі зауыт іске қосылса, Жабағылы ауылында құс шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа құс фабрикасының құрылысы басталғалы тұр, – деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл нысандар – жаңа жұмыс орындары, заманауи технологиялар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жобалар. Жаңа фабрика өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, экспорттық әлеуетімізді де арттырады, – деді ол.


Жобаның негізгі көрсеткіштері

  • Жалпы инвестиция көлемі: 53,7 млрд теңге

  • Жылдық қуаттылығы: 48 мың тонна құс еті

  • Жұмыс орындары: 1 200-ден астам

  • Жобаны қаржыландыру:

    • «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан 5 млрд теңге несие;

    • Мемлекет есебінен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүргізіледі.

Фабрика 517,7 гектар аумақта салынады. Жоба аясында 96 құс фермасы, инкубатор, құрама жем зауыты, газ-электр станциясы, құс сою және қалдық өңдеу цехтары, сондай-ақ тоңазытқыш қоймалар салу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында жұмыспен қамтуға арналған 1600 субсидияланған жұмыс орны бекітілді

admin

Өңдеуші секторда 200 жаңа жоба, фармацевтика мен мал шаруашылығын дамыту: мемлекеттік органдарға жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды

admin

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 100 ЖАСТАН АСҚАН ҚАРИЯ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

admin

Пікір жазу