Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратЭкономика

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін заманауи фабриканың құрылысы басталмақ.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров Жабағылы ауылындағы «Қарқын Трейд» ЖШС-ның құс етін өндіру зауытының капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.

– Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн. Себебі бір күнде қос бірдей жаңа өндіріс нысандарының құрылысы мен ашылуының куәсі болып отырмыз. Атап айтқанда, Күмісбастау ауылында сусындар өндіретін үлкен зауыт іске қосылса, Жабағылы ауылында құс шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа фабриканың құрылысы басталғалы тұр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл нысандар тек кәсіпорын емес, бұл – жаңа жұмыс орындары, заманауи технологиялар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жобалар. Жаңа фабрика болашақта өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.

Жобаға жалпы 53,7 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Кәсіпорын жылына 48 мың тоннаға дейін құс етін өндіруді жоспарлап отыр. Жобаны қолдау мақсатында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан 5 млрд теңге несие берілмек. Сондай-ақ мемлекет тарапынан барлық қажетті инфрақұрылым жүргізіледі. Кәсіпорын іске қосылғанда 1 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Кәсіпорын 517,7 гектар аумақта салынады. Жоба аясында 96 құс фермасы, инкубатор, құрама жем зауыты, газ-электр станциясы, құс сою және қалдық өңдеу цехтары, сондай-ақ тоңазытқыш қоймалар салу көзделген.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады:

  • І кезең (2026–2027 жж.) – 21,9 млрд теңге инвестиция, 550 жұмыс орны, 15 мың тонна өнім;

  • ІІ кезең (2028–2029 жж.) – 15,8 млрд теңге инвестиция, 325 жұмыс орны, 24 мың тонна өнім;

  • ІІІ кезең (2029–2030 жж.) – 16 млрд теңге инвестиция, 325 жұмыс орны, 48 мың тонна өнім.

Жоба толық қуатына 2029–2030 жылдары қосылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімі тарихи жеңіске жеткен спортшыларға құрмет көрсетті 

admin

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

admin

Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

admin

Пікір жазу