Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ АҚҚҰМ АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі Аққұм ауыл округінде қорытындыланды. Кездесуде аудан көлемінде атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Ауыл округінде жаңадан бой көтерген ауылдық мәдениет үй және медициналық амбулатория ел игілігіне қызмет етуде. Ағымдағы жылы ауыл тұрғындарының сұранысына сай ұзындығы 1030 метр болатын Ж.Омаров көшесіне, ұзындығы 1530 метр болатын И.Байдәулетов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Аққұм елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жиын барысында ауыл тұрғындары ағын су, ішкі көшелерді жөндеу, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек алу секілді мәселелер бойынша талап-тілектерін айтып, сауалдарын жолдады.
Көтерілген мәселелерге байланысты аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жауапты орынбасары мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ – БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҰМТЫЛЫС

admin

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАТЫН «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫН» ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin

Пікір жазу