Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

ТҮРКІСТАНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Конгресс холл кешенінде «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті. Іс-шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз сөйлеп, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол жастардың құқықтық сауатты әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы – елдің тұрақты дамуы мен болашағының басты кепілі екенін атап өтті.
Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты. Кездесу барысында сала мамандары жастармен еркін форматта пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. ҚМДБ-ң өкілі Нұрлан Асанов жастарға рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сақтаудың мәнін түсіндірсе, психолог Салтанат Сайлауқызы тұлғалық даму мен өзін-өзі тану, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің адам мінез-құлқындағы рөлі жөнінде ой қозғады. Ал IT маман Ғасыр Қаралбайұлы ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениет тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, заманауи технологияларды қауіпсіз пайдалану бойынша кеңес берді.
Форум қорытындысында жастарға құқықтық және рухани мәдениетті дамыту, ақпараттық сауаттылықты арттыру және жеке қауіпсіздікті сақтау бағытында нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен жауапкершілікті күшейтудің өзектілігі жан-жақты талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Төлебиде 200-ден астам анаға сый-құрмет көрсетті

admin

Сайрамда биыл 22 инвест-жоба жүзеге асып, 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады 

admin

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

admin

Пікір жазу