2025 жылдың басынан бері 345,8 мың азамат, оның ішінде 49 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 839,7 мың қазақстандық тіркелген, оның 353,3 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 718,6 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оқуды аяқтаған 49 мың жұмыссыз азаматтың шамамен 14 мыңға жуығы негізінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстарынан (16-35 жас аралығындағы) жастар болды.
Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-н астам курс жариялады, оның 375-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.
Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Қыркүйек айындағы ең танымал курстар: «IT и телекоммуникации», «Повар-кондитер», «Сенің мансаптық бастамаң: «Электрондық еңбек биржасын» қалай пайдалануға болады», «Управление персоналом», «Пішу және тігу».
Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.
Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.