Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 359 дерек анықтаған. Оның ішінде 126-сы қылмыстық іс, ал 233-і – әкімшілік құқықбұзушылық. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді.

– «Облыс аумағында есірткіні заңсыз егу бойынша 69 дерек тіркеліп, жалпы 62 938 түп есірткі өсімдігі тәркіленді. Анықталған есірткінің жалпы салмағы 833 келіден асты. Аса ірі көлемде есірткіні сақтау бойынша 18 дерек анықталып, 46 тұлға қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді», – деді Арман Бейсенбаев.

Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1114 сайт бұғатталып, прокуратура органдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде 1 346 банктік есепшот анықталып, олардың айналымына «Антифрод» бағдарламасы арқылы шектеу қойылған.

Сондай-ақ, кинологиялық қызмет орталығының көмегімен 44 қылмыс ашылды.
Биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткен «Қарасора–2025» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 18 мобильді топ құрылып, құрамына 241 қызметкер тартылды. Топтар 55 қызметтік автокөлікпен және 2 ұшу аппаратымен қамтамасыз етілді.

Іс-шараның төртінші кезеңінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 202 құқықбұзушылық анықталып, екі ұйымдасқан топ құрықталды.
Тікұшақпен жүргізілген барлау жұмыстары нәтижесінде Шардара ауданында үш есірткі алқабы табылса, Созақ ауданының таулы аймағында есірткі егудің ірі плантациясы анықталды. Оқиға орнында Қызылорда облысының екі азаматы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды.

Тәркіленген заттар қатарында 829 түп қарасора, 2 352 түп көкнар, сондай-ақ тіркелмеген қару бар. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің жалпы салмағы 700 килограмды құраған. Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі сақтаған 5 тұлға қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Жаһандық басқару бастамасы: Ғаламдық қауіпсіздік пен әділдікті қалыптастыру жолында

admin

Шымкентте аппарат мәжілісінде мерекелік іс-шаралар талқыланды

admin

«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

admin

Пікір жазу